Павлодарда бухгалтер жалған дипломмен үш жыл жұмыс істеген - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бухгалтер жалған дипломмен үш жыл жұмыс істеген

Павлодарда бухгалтер жалған дипломмен үш жыл жұмыс істеген

«Ертіс орманы» резерватының бухгалтері үш жыл бойы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді деген жалған дипломмен жұмыс істеген.

  • 5 Қаңтар 2018
  • 275
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қоршаған ортаны қорғау прокуратурасы анықтағандай, жұмысқа тұрарда әйел «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған дипломын көрсеткен. Рамазанова оны 2011 жылы алған. Кейін мамандар дипломның жалған екенін анықтаған.

Өтіріктің беті 2016 жылы ашылған екен. Бір жыл бойы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Істің соңы амнистиямен аяқталған.

«Шарбақты ауданы Ішкі істер бөлімі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бесжылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты бухгалтері Рмазамноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды», — деп мәлімдеді Павлодар облыстық прокуратурасында.


Күдікті рақымшылық жасау туралы өтінішті өзі білдірген. Қазіргі таңда жұмыс беруші сотқа жүгіну үшін келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар