Павлодарда дүние-мүлкі түгел өртенген үйде құран кітабы аман қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда дүние-мүлкі түгел өртенген үйде құран кітабы аман қалған

Павлодарда дүние-мүлкі түгел өртенген үйде құран кітабы аман қалған

Дүние-мүлкі мен киім-кешегі отқа оранған жандар енді жалдамалы баспананы паналауға мәжбүр. Өрт кеше күндізгі сағат төрттер шамасында тұтана бастаған. Абырой болғанда, сол сәтте іште ешкім болмапты. Десе де, лапылдаған от бір бөлмелі пәтерді түгел жалмап үлгенген.

  • 21 Сәуiр 2017
  • 487
Фото - Caravan.kz

Салдарынан үйдің төбесі мен қабырғалары, тұрмыстық техника мен жиһаздан түк қалмай жанып кеткен. Ал бір бөлмелі пәтер 53 жастағы Наталья Баймұратоваға тиесілі. Көлік жуып күн көретін әйел мұнда қызы, кәмелетке толмаған екі жиен немересімен тұрып келген. Бар мүлкінен айырылған азаматша, тілсіз жаудан аман қалған құран кітапшасын көргенде қайран қалған,-деп жазды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

өрт

«Жиендерім киім-кешексіз қалды. Балалардың үйде болмағанына тәуба. Шошып қалдық. Бар жиған тергенім күлге айналды. Жалғыз ғана Құран кітапшасы жанбай қалыпты. Оның арасында жиенімің туу туралы куәлігі жатқан еді. Осыған да шүкір»,-дейді Павлодар қаласының тұрғыны Наталья Баймұратова

өрт1

Ал оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалын электр сымдарының тұйықталуынан болды деп болжам жасаған. Қуантатыны, жалын тұтана бастаған сәтте 8 жасар Абдулла мен 15 жасар Жасмин сыртта болған. Үйге оралған олар өз көзімізге өзіміз сенбедік дейді.


«Мен пәтерімізді танымай қалдым. Қатты шошып қалдым. Киімдерім мен мектептен алған кітаптарым жанып кетті. Енді сабаққа қалай баратынымды білмеймін»,-дейді Абдулла Баймұратов.

Ал балалардың анасы бұған дейін сырқаттанып, ауруханаға түскен. Келіншектің жалғызбасты ана екенін айта кетейік. Қазір кәмелетке толмаған балалар әжесі Наталья Баймұратовамен жалдамалы пәтерді паналауға мәжбүр. Бір бөлме үшін соңғы 15 мың теңгесін жұмсаған ана енді жомарт жандардан көмек сұраудан басқа амал таппай отыр.

Соңғы жаңалықтар