Павлодарда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, біреуі оқиға орнында көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда екі ер адам топырақ  үйіндісінің  астында қалып, біреуі оқиға орнында көз жұмды

Павлодарда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, біреуі оқиға орнында көз жұмды

Шұңқыр қазған бір тұрғын мерт болды.

  • 16 Қазан 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жеткен. 

– Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.  51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді станцияда. 

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады. Оған «ұзақ мерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар