Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей өртеніп кетті

Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей өртеніп кетті


Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

  • 28 Маусым 2022
  • 833
Фото - Caravan.kz

Оқиға Нұр-Сұлтан — Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.

«1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді», — деді басқарма өкілдері.

Ал, үшінші адам кім екені анықталмады.


«Үшінші адам «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады», — дейді олар.

Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.