Павлодарда "Ертіс" Арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамаға жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Ертіс" Арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме  мемлекеттік сараптамаға жіберілді

Павлодарда "Ертіс" Арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамаға жіберілді

Павлодар. 1-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда "Ертіс" Арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Бұл туралы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі" атты аймақтық конференцияның қорытындысы бойынша Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры Сергей Стаценко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қараша 2007
  • 677
Фото - Caravan.kz

«Ертіс» Арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемені «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ мамандары әзірлеген, және де ол мемлекеттік сараптамаға жіберілді»,- деді С. Стаценко. Оның айтуынша, жоба бекітілген жағдайда «Ертіс» АЭА аймағында алюминий мен алюминий қорытпасы негізіндегі өнімдерді дайындайтын жаңа өндірістерден тұратын өнеркәсіптік алаң құру жоспарланған.

«Бұл екінші, үшінші және төртінші сатылы өңдеу болмақ, яғни біз тек шикі немесе жартылай фабрикат емес, дайын өнім сатамыз»,- деп атап өтті С. Стаценко. Ол, «Ертіс» Арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі мәселені екі жылдан астам уақыт бұрын Павлодар мыңында алғашқы Қазақстанның таза алюминий шығаратын электролиз зауытының құрылысын бастағанда көтерілгендігін еске сала кетті.

Бұрын хабарлағанымыздай, «Қазақстанның электролиз зауыты» АҚ өндірістік алаңының құрылысы Павлодардан 18 шақырым жерде 2003 жылы басталған болатын. Жобалық қуаттылығы жылына 250 мың тонна алюминий балқымасына тең. Бүгінгі күнде бетон ерітпесі торабы, әкімшілік-тұрмыстық корпус, қоймалар, электр өндіруші қосымша станция және басқа да нысандар пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта технологиялық құралғыларды орнату толық жүріп жатыр. Қуаттылығы жылына 60 мың тонна алюминий өндіретін бірінші кезегі 2007 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп межеленген.

Облыс әкімшілігінің ақпараттарына сүйенсек, электролиз зауыты «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» мемлекеттік макроэкономикалық жобалар бағдарламасының бекітілген тізіміне кірген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті