Жарияланды: 230

Павлодарда «КамАз» жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, қауіпті жағдай туғызған

Павлодарда «КамАз» жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, қауіпті жағдай туғызған  Сурет - kolesa_pavlodara

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Сольветка ауылының жанында отқа оранған жүк көлігі «Эйкос» фирмасына тиесілі. Тілсіз жау 45 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлады pavlodarnews.kz медиа-порталы.

 Өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 9.02-де түскен, сағат 10.03-те ауыздықталып, 13.26-да толығымен қауіптің көзі жойылды. - Қызыл жалынды ауыздықтауға Қалқаман кентінен № 18 және Ақсу қаласының № 11 өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы бес адам мен екі автоцистерна жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында Евгеньевка ауылынан бір адам мен бір техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деді департаментте. Еске сала кетейік, кеше Ломов көшесінде «Жолаушылар көлігі альянсы» ЖШС-не тиесілі № 5 бағыттағы автобус отқа оранған. Ақбота Сейсенбаева
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін