Жарияланды: 640

Павлодарда кітап дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалып 33 жастағы күзетші мерт болды

Павлодарда "Эврика" кітап дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалып 33 жастағы күзетші кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-нан хабарлады.

Күзетшінің мәйітін таңертең жұмысқа келген дүкен сатушылары дүкеннің қосалқы бөлмелерінің бірінен тауып алған. Шақыру бойынша оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сондай-ақ, дүкендегі сейфтен 100 мыңнан астам теңге тоналғанын анықтады. Көбінесе кітап саудасымен шұғылданатын "Эврика" дүкенінде кітаппен бірге қымбат қымбат жиҺаздар сататын бөлім де жұмыс істейді. Алайда кітаптар да, жиҺаз да тоналмаған түгел болып шықты. Облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің болжамы бойынша, қылмыс түнде жасалған болуы мүмкін, өйткені, кешкісін күзетші телефон қоңырауларына жауап берген. Дүкеннің есігі мен құлпында бұзу белгілері жоқ болғандықтан, қылмыскерлерге есікті күзетшінің өзі ашқан болуы мүмкін, немесе оларда кілттің көшірмесі болған деген сезік бар. Қазір қылмыстық іс қозғалып тексеру басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть