Жарияланды: 350

Павлодарда маршруттық автобус өртеніп кетті

Павлодарда маршруттық автобус өртеніп кетті

Павлодарда академик Сәтпаев атындағы орталық көшеде, «Erstes» мейрамханасының жанында автобус өртеніп кетті, деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«№ 3 бағдармен келе жатқан «Хундай-Каунти» маркалы автобустың салоны, мотор бөлігі және екі алдыңғы доңғалағы толық өртеніп кетті. Өрт сағат 8-де ауыздықталып, 10 минуттан соң толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенше жалынға оранған автобустың ішінен 10 жолаушы шығып үлгерді», - деп нақтылады ТЖД-нен.

Өрт аумағы 6 шаршы метрді құраған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі мен келтірген шығын анықталуда.

Тілсіз жаумен күресте ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамының 9 адамы мен 2 техника жұмылдырылған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін