Павлодарда мас күйінде автокөлік ұрлап қашқан бір тонаушы жаяу жүргіншіні соғып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мас күйінде автокөлік ұрлап қашқан бір тонаушы жаяу жүргіншіні соғып кетті

Павлодарда мас күйінде автокөлік ұрлап қашқан бір тонаушы жаяу жүргіншіні соғып кетті

Павлодарда мас күйінде автокөлік ұрлап қашқан 39 жастағы бір тонаушы жаяу жүргіншіні соғып кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 536
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 11-сәуірде түнгі сағат 23-те Суворов және Украинская көшелерінің қиылысында болды. «Жигули» автокөлігі 55-60 жастар шамасындағы қарт әйелді соғып кеткен. Жарақат салдарынан қайтыс болған әйелдің аты-жөні әзірге анықталмай отыр.

Осы оқиғадан бірнеше минуттан кейін автокөлікті жол полициясының қызметкерлері тоқтатады. Соған қарамастан, ізін жасырмақ болған жүргізушіні тәртіп сақшылары ұстап алды. Тергеу барысында анықталғанындай, тұтқын автокөлікті Сибирская көшесінің бойындағы бір үйдің ауласынан ұрлаған. Қылмыс орнынан көзге түспей сытылып кетпек болған тонаушы көліктің алдыңғы жарығын жақпаған. Жол апатына осындай себеп түрткі болуы ықтимал.
Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, автокөлік ұрлаған тонаушы мас күйінде әйелді соққан. Қазір ол уақытша тергеу абақтысында отыр. Бұған дейін де екі мәрте автокөлік тонағаны үшін сотталған кәнігі ұрының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар