Жарияланды: 430

Павлодарда медицина қызметкерлері өз кәсіби мерекелерін атап өтуде

Павлодарда 16 маусым күні медиктерге құрмет көрсетілді - өңірдің медициналық мекемелерінде еңбек ететін 10 мың дәрігер,

фельдшер, медбикелер мен санитарлар кәсіби мерекелерінің қарсаңында құттықтаулар алды. «Денсаулық сақтау саласы бүгінде ең қарқынды дамып отырған саланың бірі саналады. Облысымыздың бюджеті көп жылдар бойы әлеуметтік бағытты ұстанып келеді, қаржының көбі денсаулық сақтау саласына бөлінеді. Ағымдағы жылды алар болса, салаға қарастырылған қаражаттың жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асып отыр. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын жаңартуға соңғы екі жылда 2 миллиардтан астам теңге жұмсалды, алдағы 3 жылда тағы 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ», деді облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев медиктердің салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ, мереке қарсаңында саланың үздік қызметкерлеріне құрмет белгілері, облыс әкімінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін