Павлодарда мейірімді жандар 48 отбасыға тегін азық-түлік үлестірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мейірімді жандар 48 отбасыға тегін азық-түлік үлестірді

Павлодарда мейірімді жандар 48 отбасыға тегін азық-түлік үлестірді

Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады.

Осы сауапты мақсат етіп желтоқсан айының 22 күні Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің құрметіне арнап арнайы жасалған тізім бойынша әлеуметтік аз қамтылған 40 отбасына әрқайсысында 3-5 мың теңге көлеміндегі қара?

  • 23 Желтоқсан 2016
  • 813
Фото - Caravan.kz

Осы сауапты мақсат етіп желтоқсан айының 22 күні Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің құрметіне арнап арнайы жасалған тізім бойынша әлеуметтік аз қамтылған 40 отбасына әрқайсысында 3-5 мың теңге көлеміндегі қаражаттың азық-түлігі қамтылған пакеттер таратылды. Бұл отбасыларда негізінде ауру-сырқау, мүгедек жандар, көпбалалы және жалғызбасты аналар тұрады.

Ал мешітке келіп өз үлесін алуға дәрменсіз жалғызбасты, ауру 8 отбасына азық-түлік салынған қапшықтарды мешіттің  «Барыңмен бөліс!» қызметінің мүшелері үйлеріне жеткізіп берді.Сонымен қатар қажет болған жандарға мүгедектің арбасы,  жұмсақ жиһаздар, және  демеушілер арқылы жиналған әртүрлі киім-кешекті үлестірді.


Бұл шараға мешіт жамағатары болған Бақытжамал қажы Елеукенова, Рысты қажы Байзелдинова бастаған қажы апаларымыздың да  қосқан үлесі аса зор болғанын айтып өтпекпіз.

Көмек алған отбасы мүшелері өз кезегінде мешіт ұжымына ризашылықтарын білідіріп, алғыстарын жаудырды.

Қайырымды жандардан көңіл жылуын сезінген кісілер «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қызметін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жаудырды.

Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!

Соңғы жаңалықтар