Дүкен сөрелерінде 47 теңгеден сатылып келген «әлеуметтік» нанның бөлкесі бүгін 59 теңгеге бір-ақ өскен. Осындай шұғыл шешім қабылдағандарын әкімдіктегілерге алдын-ала ескертіпті. Тіпті шығынды үнемдеу үшін комбинаттағы көп жұмысшыны қысқартқан. Бірақ бұдан да түк шықпай, іле-шала жиын ұйымдастырған шенеуніктер баға бүгіннен қалмай қайта тұрақталады деп уәде берді. Өйткені кәсіпкермен жасалған келісім бойынша, келесі астық жиналғанға дейін нанның нарқы өзгермеуі тиіс.
Нұрлан Әшімбетов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
-Қазір біз ұн егетін кәсіпорындарға астықты уақытында жіберіп жатырмыз. Сосын, ұн бізде жеткілікті. Барлық наубайханаларға жететін ұндарымыз арзандалған бағамен 46 мың теңге тоннасы. Жеткілікті.