Павлодарда өндіруші компания сөзінде тұрмай нан бағасын қымбаттатып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда өндіруші компания сөзінде тұрмай нан бағасын қымбаттатып жіберді

Павлодарда өндіруші компания сөзінде тұрмай нан бағасын қымбаттатып жіберді

Павлодардың дүкендерінде әлеуметтік нан 60 теңге боп қымбаттады. Алайда жергілікті билік пен  өндірушінің арасындағы келісім-шарт бойынша қаладағы нанның бағасы биылғы егін піскенше 47 теңге болуы тиіс еді. 

  • 19 Тамыз 2014
  • 326
Фото - Caravan.kz

Айта кетсек, биыл 20 маусымда Павлордар нан-тоқаш комбинаты әлеуметтік нанды 12 теңгеге қымбаттатуға әрекеттенген еді. Бұл шешімдерін ол кезде ұнның жоқтығы мен коммуналдық қызметтің өсуімен байланыстырған. Бірақ көп кешікпей нан бағасы қайта тұрақтаған болатын. Енді оның құнын қайта өсіруге тура келіп отыр.   

Жанат Шұғаев, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:



— Азық-түлік бағасы тұрақты болады деп айтуға  болмайды. Аздап кішкене көтерілетін шығар. Азық-түлік қазір бір-екі күнде дүкендерде сатылады.  Шаруа қожалықтары талап қойып жатыр. Оған аса көңіл аударуға болмайды.