Жарияланды: 360

Павлодарда осыдан 13 жыл бұрын жасалған қылмыс әшкереленді

Павлодар облыстық тәртіп сақшылары 1991-жылы саудагерлік кәсіппен айналысқан 52 жастағы Ақсу тұрғынын өлтірген қылмыскерді анықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісі Павлодар облыстық ІІБ қылмыстық полициясы басқармасының баспасөз баянына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

52 жастағы Ақсулық (сол кезде Ермак қаласы) алыпсатар 1991-жылдың қараша айында өз пәтерінде өліп жатқан жерінен табылған болатын. Ол бірнеше жерінен пышақталып өлтірілгені белгілі болған. Тергеу барысында тәртіп сақшылары анықтағанындай, кісі қолынан қаза тапқан еркек түнгі клубтар мен би кештерінен қалмай, жырғаулы өмір кешкен. Сондай жерлерде өзін әйелдер дәрігерімін немесе көріпкелмін деп таныстырып, әйелдермен тез тіл табысатыны белгілі болған. Осындай тамыр-таныстарының көптігіне қарамастан, оны өлтірген адам сол күйі табылмай кеткен еді. Сол кісі өлтіргішті тәртіп сақшылары биыл анықтады. 2002-жылы бір әйелдің өмірін қиғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылған тағы бір Ақсу тұрғыны өлген саудагердің досы болып шыққан. Сотталған адамның саудагер өлген кезде қайда болғанын (алиби) тексерген тәртіп сақшылары оның аталмыш оқиғаға тағы да қатысы бар екенін анықтап, қылмысын мойындатты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін