Павлодарда Павел Васильевтің мұражай үйінің ұжымы РФ мәдениет министрінің алғысына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Павел Васильевтің мұражай үйінің ұжымы РФ мәдениет министрінің алғысына ие болды

Павлодарда Павел Васильевтің мұражай үйінің ұжымы РФ мәдениет министрінің алғысына ие болды

Павлодар. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" Павлодарда Павел Васильевтің мұражай үйінің ұжымы Ресей халықтарының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға және сақтауға қосқан үлесі үшін РФ мәдениет министрінің алғысына ие болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі Станислав Макаренко одан әрі ынтымақтастық қатынаста болуға және елдер арасындағы мәдени қарым-қатынастың нығаюына үміт артатынын айтып, мұражай директоры Любовь Кашинаға алғыс хатты табыс етті.

Қонақ экспозицияларды аралап, Қазақстанда туған танымал орыс ақынының тірі кезінде шығарылған басылымдарымен танысты.

Ақын шығармашылығының қайнар көзі болған қазақ жері мен халқына өзінің көптеген шығармаларын арнаған П. Васильев репрессияға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына бұйырылды. Мұражай қызметкерлері оның шығармашылық өмірбаянын қайта жаңғыртып, Ресей мен Қазақстан мұрағаттарынан ақпарат жинады, әдеби әріптестерінің, туыстары мен достарының естеліктерін сақтады.

Алдымыздағы жылы жерлестеріміз дарынды еуразиялық ақынның туған күнінің жүз жылдығын атап өтеді. Ақындық өнер шеберінің мерейтойын тойлауға ресейліктер де қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті