Павлодарда педофил қызды құдық ішінде зорламақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда педофил  қызды құдық  ішінде зорламақ болды

Павлодарда педофил қызды құдық ішінде зорламақ болды

Павлодарда 9 жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталды. 40 жастағы күдікті жылмысқы ойын тұрғынүй маңындағы коллектор құдығының ішінде іске асыруға әрекеттенген.

  • 23 Мамыр 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz

Қаскөй аулада ойнап жүрген жеткіншекті алдап, құдық ішіне кіргізіпті. Төменге түскенде үстіндегі киімін шеше бастаған. Оған қарсылық көрсетуге шамасы жетпесе де, көмек шақырып шырылдаған қыздың дауысын  тұрғындардың бірі естиді. Сергей Быковский қызды құтқаруға ұмтылса, әйелі полиция шақыртқан. Арам ойын іске асыра алмаған азғын қамауға алынды.

Сергей Быковский, Павлодар қаласының тұрғыны:

–Ол қашып кетпекші болды. Тіпті бізден босатуын өтініп жылады да. Бірақ оны құдық ішінен шығармай, полицейлердің келгенін күттік. Бізді көргенде, қыз баланы бірден босатып жіберді.