Павлодарда педофил тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда педофил тұтқындалды

Павлодарда педофил тұтқындалды

Павлодар. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда жас балаларға қатысты арсыз іс-әрекеттерге барған педофил тұтқындалды. Бұл туралы дүйсенбі күні тілшілерге облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, 17 сәуір күні Павлодар қаласының Оңтүстік ішкі істер органының кезекші бөліміне 8 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. «Ол мектепте екінші ауысымда оқып жүрген және мектепте кеткеннен кейін оны ешкім де көрмеген», — деп атап көрсетті баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция майоры Жанар Біләлова.

Оның айтуынша, «Дабыл» белгісі бойынша баланы іздеуге полицияның барлық бөлімшелері жұмылдырылған. Жүздеген адам сұралған. Олардың арасында қыздың сыныптастары, мұғалімдері және көршілері болған.

«Қыз бала келесі күні табылды. Қызды қолынан жетектеп белгісіз ер адам әкеле жатты», — деп атап көрсетті майор Біләлова. 8 жасар Аиданың айтуынан белгілі болғаны ер адам алдап-арбап саяжайына апарып, шарап ішуге мәжбүрлеген. Тұтқындау кезінде ол қызды алдында ұрлап әкеткен мектебінің маңына әкеле жатқан.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, алайда, қосымша тексерулер барысында сол күні ұрлауға дейін бір сағат бұрын ол басқа бір мектептен бірінші ауысымда оқитын 7 жастағы қызды күштеп әкетіп, оны зорлағаны анықталды. «Аталмыш оқиға бойынша 33 жастағы күдіктіге қатысты екінші қылмыстық іс қозғалды. Ол енді ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері) бойынша болмақ», — деп атап көрсетті полиция өкілдері.

Тергеушілердің айтуынша, күдікті бұған дейін екі рет сотталыпты. Алматы облысының тумасы Павлодардың түзету колонияларының бірінде жазасын өтеген. 2003 жылы босап шыққаннан кейін сол қалада қалып қойған. Соңғы уақыттарда автотұрақтардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті