Павлодарда полицейлер марқұмның туыстарын іздеуге ерініп «жетімдер қорымына» көміп тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полицейлер марқұмның туыстарын іздеуге ерініп «жетімдер қорымына» көміп тастаған

Павлодарда полицейлер марқұмның туыстарын іздеуге ерініп «жетімдер қорымына» көміп тастаған

Павлодарда ыс тиіп өлген қала тұрғыны полицейлердің қателігінен «жетімдер қорымына» жерленді. 49 жастағы ер азаматтың мәйітін олар жоқтаушысы жоқ деп жер қойнына тапсырған. Соңынан іздеу салған туыстары марқұмның бейітін қызмет көрсету орталықтарына сабылып жүріп, әрең тауыпты. Міндетіне салғырт қараған тәртіп сақшылары енді тәртіптік жазаға тартылғалы жатыр, деп хабарлайды КТК.

  • 21 Маусым 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz


49 жасында аяқ асты ажал құшқан Геннадий Бобученко таяуда ғана туыстарының арасында жүріпті. Жан бағу үшін, жұмыс іздеп кеткен үш баланың әкесі енді мына қорымның шетінде жатыр.

Мәйітханадан соңғы сапарға аттандырылған отағасының сүйегін бұрынғы әйелі мен үлкен қызы үй-күйі жоқтарға арналған нөмір арқылы тапқан. Олар хабар бермеген полицейлерге қатты өкпелі.
Светлана Бобученко: «Мұндай фамилия бүкіл Қазақстанда біреу ғана. Іздеуші арқылы теріп қалсаңыз, менің үй телефоным шыға келеді. Тіпті, тұрғылықты мекен жайы да тіркеуде бар. Меніңше, таба алмадық дегендері бос сөз», — дейді.
Үйілген топырақтың үстіне крест қағылып, «утилизация» деп жазылыпты. Яғни, марқұмның мүрдесі тұтастай жерленбеген. Прокурорлар енді бассыздыққа жол бергендерге тәртіптік жаза қолданылуын талап етуде.
Қайғы жұтқан туған-туыстары мәйітті қазып алып, қайтадан басқа зиратқа арулап жерлемекші. Ал мұндай сорақы жағдай енді қайталанбас үшін, полицейлерді сотқа бермек ойда.