Павлодарда полиция қызметкерлері жарты мың өзбек азаматтары бар бес автобусты ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полиция қызметкерлері жарты мың өзбек азаматтары бар бес автобусты ұстады

Павлодарда полиция қызметкерлері жарты мың өзбек азаматтары бар бес автобусты ұстады

Павлодар. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласына кіре берістегі "Ертіс" бақылау-өткізу пунктінде полиция жарты мыңнан астам Өзбекстан азаматтары отырған бес автобусты ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 536
Фото - Caravan.kz

«Өзбекстанның 529 азаматы Новосибирск қаласына кетіп бара жатқан. Олардың айтуынша олар құрылыс компанияларының бірінде маусымдық жұмысқа тұрмақшы болған», — деп хабарлады департамент.

Автоинспекторлардың автобустарды тұтқындауына жолаушыларды тасымалдау ережесінің сақталмауы себеп болған. «Әрбір автобуста 50 — 60 адамнан отыруға тиіс болса, онда 90 -100 адам болды. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Бұл заңды өрескел бұзу болып табылады», — деп атап көрсетті ІІД.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалған. Іс сотқа берілген.

«Жолаушыларға келер болсақ, қазір олардың барлығы да Павлодар қаласында сот үкімін күтіп жатыр», — деп атап көрсетті полиция қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті