Павлодарда қауіпті дертке шалдыққан балаға қаржылай көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қауіпті дертке шалдыққан балаға қаржылай көмек қажет

Павлодарда қауіпті дертке шалдыққан балаға қаржылай көмек қажет

Павлодарда жалғызбасты ана қауіпті дертке шалдыққан ұлына көмек сұрауда.Айтуынша, екпені қате салған дәрігерлердің кесірінен сап-сау сәбиі жартылай сал болып қалған. Енді 2 жасар Данилды операцияға жатқызу үшін 20 млн теңге қажет. Бауыр еті баласының қайта жүріп кетерінен үміттенген ана қайырымды жандардан қолдау күтіп отыр.

  • 26 Маусым 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

Денесінің сол жағы тұтасымен сал болып қалған 2 жасар Данилдың  анасы дәрменсіз күй кешуде. Жөргегінде қауіптің реңі байқалмаған ұлы көп ұзамай еңбектеп, тәй-тәйлай бастаған. Тек, 11 айлығында денесі бүрісіп, буындары сіңірленіп кетіпті. Ақ халаттылар мұны екпенің уақытша әсері деп жұбатқанымен, кейін сал ауруы деген диагноз қойған. Енді қамкөңіл ана «инені қате салған мейірбике баламның обалына қалды» деп отыр.

Анастасия Шефнер, Данилдың анасы:

-Астанадағылар кінә дәрігерлерден болғанын растады. Екпе салынған соң, орталық жүйке зақымдалған. Кесірі бірден миға тиді.

Аурудың себебін анықтау үшін анализдері Германияға жіберілген. Жуық арада қорытындысы келуі тиіс. Алайда, жергілікті мамандар мұны тұқым қуалайтын генетикалық кеселге жатқызуда. Оның үстіне абайсызда алған жарақаты бар екен.

Елена Савельева, дәрігер-педиатр:  


-Мен оның өсіп-жетілуін туғанынан бері бақылаудамын. Бастапқыда екпені күнтізбе бойынша қабылдап, өздігінен жүре бастаған. Енді міне, лейкодистрофияға шалдықты деген болжам жасалды. Бұл диагнозға иненің қате сұғылуынан ұшырауы екіталай. Құлағаны әсер етсе керек.

Сәбидің жағдайымен басы қатып, жанталасып жүргенде, балаға екпе салған мейірбике жұмыстан шығып қалыпты. Бірақ Анастасия ешкіммен соттаспақ емес. Тек ұлының аурудан айығып кеткенін қалайды. Қол ұшын созам деушілер экрандағы нөмірге хабарласа алады.

Анастасия Шефнер, Данилдың анасы:

-Өтінемін! Бізді көріп тұрғандар болса, балғын балалығымызды қайтаруға көмектесіңіздерші! Арқа тұтар ешкімім жоқ, ата-анам болса, мүгедек.

 

Отбасының телефоны:

ХАЛЫҚ БАНК KZ936013563000004483

8 777-864-34-55