Павлодарда қорым шарбақтарын ұрлаған ер адам ұсталды
![]() |
Павлодар полицейлері қорым шарбақтарының ұрлығын «ізін суытпай» ашты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен. |
Ұрлық жасауда күдікті азамат Суворов қорымының шығаберісінде ұсталды. Оның көлігінің ішінен екі моланың металл шарбақтары табылды. Ұсталған азамат - облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны металл сынықтарын тапсыру пунктіне бара жатқан. Айғақ дәлелдер - шарбақтар алынды.
Күдікті ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін