Жарияланды: 430

Павлодарда қылмыскердің соңынан түскен екі полицей ауыр жарақаттанды

Павлодарда қылмыскердің соңынан түскен екі полицей ауыр жарақаттанды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 17-қыркүйек күні кешкісін полицейлер түр-пішіні қасақана кісі өлтіруге байланысты іздеуде жүрген қауіпті қылмыскерге өте ұқсас еркекті байқап қалады. Тұтқынға алу барысында күдікті қарулы қарсылық көрсетіп, бірнеше оқ атқан. Соның салдарынан полиция майоры Арман Сабиев пен қылмыстық іздестіру бөлімінің аға оперативтік қызметкері Құжат Кенин жараланды. Зардап шеккен полицейлер Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қалада қылмыскерді тұтқындауға бағытталған арнаулы операция жарияланды. Тергеушілер күдіктінің дәлме-дәл фотороботын жасап алды. Алдын-ала болжам бойынша, қылмыскердің қолында Макаров тапаншасы болуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін