Жарияланды: 20

Павлодарда шағын автобус пен жүк көлігі жанып кетті

Павлодарда шағын автобус пен жүк көлігі жанып кетті

Павлодар облысында екі көлік жанып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жалын ГАЗель көлігінің төрт шаршы метрін шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінен сегіз адам мен екі техника жұмылдырылды. Сондай-ақ генерал Дүйсенов көшесі, 18 мекенжайы бойынша төртінші қабатта электр қалқанында электр сымдары жанған. Өрт сөндірушілер пәтерден 2004 жылғы жасөспірімді құтқарды. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен үш техника, "102" қызметі, "Горэлектросеть" ЖШС жұмыс істеді, - делінген хабарламада.

26 қарашаға қараған түні сағат 01.30-де Екібастұз қаласында Қонаев көшесінде орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама тіркелген. 15 шаршы метр ашық аумақта 1980 жылғы ЗИЛ автокөлігі толығымен жанып кетті.

Сондай-ақ, жеке тұрған Volvo көлігінің қозғалтқышында 5 шаршы метр аумақта резеңке-техникалық бұйымдар жанған. Жалпы өрттің аумағы 16,5 шаршы метрді құрады. Алдын ала болжам бойынша, қасақана өрт қойылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін