Павлодарда сығандардың есегі тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда сығандардың есегі тұрғындарды шошытты

Павлодарда сығандардың есегі тұрғындарды шошытты

Павлодарда есектер ықшамаудан тұрғындарының мазасын қашырды. Жануарлар айналаны ластап, ауламыздың сәнін кетірді дейді ашынған жұрт. 

  • 13 Мамыр 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz

Маңайдағы сығандардың топ-топ есегі күн жылынғалы тұрғын үйлері айналшықтайтын болған. Аз уақыт ішінде гүл атаулы мен жасыл-желектен түк қалдырмапты. Тіпті жануарлар амалын тауып подъездерге кіріп, дәл баспалдақтарды ластап кетеді екен. Үйіміз есек қораға айналды деген жұрт оларды қуып та көрген. Алайда қырсық жануар қайта айналып келетін көрінеді. Бірнеше рет полиция шақырса да, еш нәтиже шықпапты.

Айым Бекетова, Павлодар қаласының тұрғыны:

-Біздің аулаға осы жерде жүретін есектер кіріп шығып кетеді. Ауланы былғайды. Балалар ойнай алмайды. Соның кесірінен қарапайым адамдар зардап шегіп жатыр.