Павлодарда тұрғын үй өртеніп, 22 жастағы жігіт қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда тұрғын үй өртеніп, 22 жастағы жігіт қаза тапты

Павлодарда тұрғын үй өртеніп, 22 жастағы жігіт қаза тапты

Павлодарда Генерал Дүйсенов көшесі бойындағы тұрғын үйде түнде өрт шықты, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 4 Қараша 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

1-ші және 2-ші қабаттарда дәлізде ағаш қабырға, еден, есіктер мен кіреберістің ағаш сатылары өртке оранды.

25 адам қауіпсіз жерге көшірілді (оның ішінде  бала бар). Өрт  01:58-де оқшаулап, 04:14-те ауыздықталды. Жалын   75 шаршы метрді шарпыды.

1-қабатта орналасқан №23 пәтерді тексеру барысында 1993 жылы туылған азаматтың мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оған иіс тиген.

2008 жылы туылған қыздың қолы жырылып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды.

Өрттің шығу себебі мен шығын анықталуда.


Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 25 адам, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 8 бірлік техникасы, «Апат медицина орталығы» ММ, «102», «103» қызметтерінен 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.