Жарияланды: 30

Павлодарда тұрғын үйді «жармақ» болған әйел адам ұсталды

Павлодарда тұрғын үйді «жармақ» болған әйел адам ұсталды

Павлодарда Айманов көшесіндегі үйде жарылғыш зат орналастырғаны туралы жалған хабарлама таратқан әйел адам ұсталды.

Бұл туралы  pavlodarnews.kz  хабарлады.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. - «102» оператор пультіне келіп түскен телефон хабарламасы бойынша іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде орташа ауыр дәрежедегі алкоголдік мас болған әйел адам ұсталды. Азаматша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылды, - деді департаментте. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы «терроризм акті туралы жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды
Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады
Қазақстанда тұңғыш рет ұшақты әйел басқарды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін