Павлодарда велосипед спортынан "Ертіс өңірі -2003" атты республикалық ашық чемпионаттың көп күндік жарысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда  велосипед спортынан "Ертіс өңірі -2003" атты республикалық ашық чемпионаттың көп күндік жарысы өтеді

Павлодарда велосипед спортынан "Ертіс өңірі -2003" атты республикалық ашық чемпионаттың көп күндік жарысы өтеді

Шілденің 4 мен 13-і аралығында Павлодарда велосипед спортынан "Ертіс өңірі -2003" атты республикалық ашық чемпионаттың көп күндік жарысы өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Шiлде 2003
  • 779
Фото - Caravan.kz

Жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстан құрамалары қатысады. Жалпы алғанда, тас жолға 100-ге жуық спортшы шыққалы отыр.Олардың арасында Әлем кубогінің жүлдегерлері, Азия чемпионаты мен Халықаралық бәсекелердің жеңімпаздары бар.

Осындай көп күндік веложарыстар Павлодарда бұдан бұрын да өткен. Бұл жолғы көп күндік дода 7 сатымен бірнеше жолдарда өтеді деп жоспарланған. Баянауыл туристік базасына дейінгі жол ең ұзақ жол ретінде танылып отыр. Тұтастай алғанда, жарыс мерзімінде спортшылар 1194 шақырым жолды жүріп өтпек. Чемпионат 49 шақырымдық Критериум жарысымен Павлодардың орталық алаңында аяқталады. Бұдан кейін ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген спортшыларды марапаттау шарасы өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар