Павлодардағы білім беру ошақтары, қоғамдық орындар мен базарларда ағартушылық мақсаттағы дәрістер оқылды. Санитарлық дәрігерлер онда жыныстық жолмен жұғатын аурулардың нышан-белгілері туралы әңгімелеп берді.
Соңғы бірнеше жыл бойы Павлодар облысы ВИЧ індеті мен мерез жұқтыру көрсеткіштері бойынша ел көлемінде алдыңғы орындардан түспей келеді. Атап айтсақ, 2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында 228 адам мерез, 190 адам соз дертіне шалдыққан. Павлодар қалалық тазалық-індет станциясындағылардың атап көрсетуінше, науқастардың 49 процентінде ғана ауру жұқтыру көзі анықталса, қалғандары бейтаныс адамдармен жыныстық қатынас жасаған. Науқастардың 70 проценттен астамы мас күйінде ауру жұқтырып алған.
Сондай-ақ, Павлодар қалалық тазалық-індет станциясының мәліметі бойынша, қалада ВИЧ жұқтырғандар саны 637 адамды құрайды. Олардың 87 проценті есірткіні тамырдан құю кезінде, 6,7 проценті жыныстық жолмен жұқтырған. ВИЧ індетін жұқтырғандардың 60 проценттен астамы 20-29 жас аралығындағы жастар.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр