Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді

Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді

Павлодарда 4-11 қазанда Орталық стадионның спорт кешенінде волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді.

  • 3 Қазан 2011
  • 397
Фото - Caravan.kz


Оған алғашқы кезеңде үздік шыққан 4 команда мен Ұлттық лигадағы 4 команда қатысады. Олар Алматы қаласының «Алматы», Теміртау қаласының «Металлург АМТ», Орал қаласының «Грация-KZ», Өскемен қаласының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», Астана қаласының «Астана», Қарағанды қаласының «Қарағанды», Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром», Алматы облысының «Жетісу» волейболшылары. Ал жарыстың алғашқы күні жетісулықтар оралдықтармен, қарағандылықтар алматылықтармен, астаналықтар теміртаулықтармен, өскемендіктер павлодарлықтармен кездеседі.