Павлодарда жастарды жиһадқа үгіттегендер сотта жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жастарды жиһадқа үгіттегендер сотта жауап беруде

Павлодарда жастарды жиһадқа үгіттегендер сотта жауап беруде

Павлодарда лаңкестік пен экстремизмді насихаттады деген күдікпен тұтқындалған азаматтарға қатысты сот басталды. Төрт айыпталушы  жастарды жиһадқа қатысуға үгіттеген екен.

  • 28 Қараша 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz


Араларындағы өзін Жамағат Айдархан деп атаған 46 жастағы жергілікті күзет агенттігінің басшысы бұларға жетекшілік еткен. Қалғандары 20-25 жас аралығындағы жігіттер. Өздерінің жиындарын қаладағы жалдамалы пәтерлер мен орталық мешіттің маңайында ұйымдастырып, айналасындағыларды жиһадқа қатысуға шақырған. Сондай-ақ, садақа жинап, ол ақшаны сотталған серіктестерінің отбасыларына көмек ретінде үлестіріп отырыпты. Оларды тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы аңдып, тамыз айында қолға түсірді.