Павлодарда жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті

Павлодарда жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті

Павлодарда қоғамдық көлік отқа оранды. Шағын автобуста болған он жолаушы өрт тұтана бастағанда сыртқа шығып үлгерген.

  • 5 Қараша 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Жалын шаһардың орталық көшелерімен қатынайтын автобустың салонынан шығыпты. Көлік ішіндегі жолаушылардың шошып қалғаны болмаса, олар дін аман. Түтінге тола бастаған маршрут ішінен өздері шығып үлгерді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті жедел өшіргенімен, автобустың тек қаңқасы ғана қалды. Қазір жалынның шығу себептері анықталуда.