Павлодарда жұртты таразыдан жеген сатушыға айыппұл салынды
Павлодар облысында таразыдан жеп, онысымен қоймай клиентке балағат сөз айтқан сатушы әйелге шара қолданылды. Ол осы әдепсіз қылығы үшін енді 20 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. |
Дауға Екібастұз қаласындағы мына дүкен сатушыларының былығы түрткі болған. Олардың таразыдан жегенін бірнеше рет аңғарған азамат мұны видеоға түсіріп алған. Онда саудагерлердің электрондық таразыдағы салмақ көрсететін бөлігін өздеріне пайда әкелетіндей етіп бояп қойғаны анық көрінеді. Ал сатушылар ақталмақ түгілі, клиентке жұрттың көзінше балағат сөздерді жаудыра жөнелген. Айғай-шуға толы бейнежазбаны көрген шенеуніктер дүкенді түгел тексеріп, мұндағы таразылардың бірін қалдырмай ауыстырған. Ал екі әйел жұмыстан шығарылып, олардың біреуі 20 мың теңге айыппұл арқалады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін