Жарияланды: 510

Павлодардағы христиандық зиратта бейіттерді ойрандау оқиғасы болды

Павлодардағы христиандық зиратта бейіттерді ойрандау оқиғасы болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Өткен аптаның соңында 6 жасөспірімнен құралған топ Павлодардағы христиандық Суворов зиратындағы қабірлердің қоршауын бұзып, ескерткіштердегі гүл шоқтары мен суреттерді жұла бастаған. Осы сәтте бейіт басында жүрген әйелдер, зейнеткерлер мен зират қызметкерлері оларды тоқтатуға әрекет жасағанымен, бұған жауап ретінде жасөспірімдер тіптен айдындай бастаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген кезде жасөспірімдердің біраз бөлігі іздерін суытып үлгерді. Павлодар облыстық ІІБ полиция қызметерлерінің Суворов зиратына шақырылу дерегін растап отыр. Алайда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ, әзірге тексеру-тектеу жұмыстары жүргізілуде. Ал зират қызметкерлерінің айтуынша, ойраншыл жасөспірімдердің әрекетінен 9 мың бейіттің 120-сы зардап шекті. Олар сондай-ақ, осы айда қабірлерді ойрандау оқиғасы едәуір жиілеп кеткенін, ал вандалдардың мастықтан немесе есірткіден еліріп жүруі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть