Жарияланды: 820

Павлодардағы көп пәтерлі тұрғын үйдің ауласынан балалар улы жылан тауып алды

Павлодардағы көп пәтерлі тұрғын үйдің ауласынан балалар екі улы жылан тауып алды. Балалар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық құтқару қызметінің бастығы Андрей Касьяненко хабарлады.

Алғашқы жыланды үй алдындағы алаңда ойнап жүрген балалар құмсалғышқа әкелінген құмның ішінен тауып алған. Ересектердің шақыруымен оқиға орнына келген құтқарушылар жыланды ұстап, қала сыртындағы жылан асырайтын питомникке тапсырды. "Тістеріне қарағанда жыланның улы жылан екені көрініп тұр, алайда оның дәл қандай жыландар тобына жататынын анықтай алмадық",- дейді Андрей Касьяненко. Ал балалар тауып алған екіншісі - қалқантұмсықтылар тобына жататын улы жылан көрінеді. Ол да жылан асырайтын питомникке тапсырылды. Оның үй ауласына қайдан келгені беймәлім. Құтқарушылардың пайымдауынша, қалқантұмсықтың бірінші жылан секілді құммен бірге әкелінуі мүмкін емес. Өйткені, бауырымен жорғалаушылардың бұл түрі табиғатта өте сирек кездеседі. Ал жалпы алғанда, Павлодар обьлысында улы жыландар кездеспейді деуге болады. Соған қарамастан, Андрей Касьяненконың айтуынша, соңғы екі жылда Павлодарда 8 жылан табылып, жылан асырайтын питомникке жіберілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть