Азық-түлік нарығына жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгілі болғанындай, бүгінде Луганск ауылында өңірдегі ең арзан нан сатылуда. Бір бөлке нанның бағасы 20 теңгені құрайды. «Жуырда ғана мұнда нан 1-2 теңгеге қымбат болған. Ойдағыдай түсім жиналумен бірге, былтырғыдан қор сақталуға байланысты шаруашылық өз тұрғындарына нанды 20 теңгеге сатуға ұйғарды», — деп атап өткен департаменттегілер «бір бөлкенің салмағы 600 грамм емес, 820 грамм болып табылады», деп нақтылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті