Жарияланды: 490

Павлодардағы металлургиялық зауытта табылған қару-жарақтың ішінен жарылғыш заттар шықты

Павлодардағы металлургиялық зауытта табылған қару-жарақтың ішінен жарылғыш заттар шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне құқық қорғау мекемелеріндегі сенімді ақпарат көзі хабарлады. Жарылғыш заттар құрамын анықтау үшін арнайы сараптамаға жіберілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен оқ-дәрі партиясы шыққан. Металл қалдықтары Павлодардағы "Кастинг" зауытына Оңтүстік Қазақстан облысынан теміржолмен жеткізілген көрінеді. Вагондардан барлығы 29 тонна снаряд шықты. 3-сәуір, сенбіде ҰҚКД-нің қызметкерлері әскери комиссариат және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өкілдерімен бірлесе отырып, оқ-дәрілерді тексеріп шықты. Қазір снарядтарды түрлерге бөлу жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, оқ-дәрілердің арасынан кумулятивті снарядтар да табылды. Осыған орай жуырда Павлодарға Семейдегі инженерлік-саперлік батальонның сапарлер тобы келіп жетті. Сараптама қорытындысы шығарылғаннан кейін снарядтарды ұқсату мәселесі шешіледі. Олар таяу жердегі әскери полигонға жеткізіліп, сол жерде көзі құртылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін