Павлодардағы ойын-сауық орталығы тыйым салынған Рон Хаббардтың кітабын жарнамалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы ойын-сауық орталығы тыйым салынған Рон Хаббардтың кітабын жарнамалауда

Павлодардағы ойын-сауық орталығы тыйым салынған Рон Хаббардтың кітабын жарнамалауда

[wpcode id="1694287"] Павлодарда «Батыр Молл» сауда ойын-сауық орталығы сотпен тыйым салынған Рон Хаббардтың «Дианети

  • 30 Желтоқсан 2016
  • 962
Фото - Caravan.kz


Павлодарда «Батыр Молл» сауда ойын-сауық орталығы сотпен тыйым салынған Рон Хаббардтың «Дианетика» кітабын жарнамалауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодар қаласының мамандырылған әкімшілік соты «Дианетика» орталығының өнімін тәркілеп, 50 АЕК көлемінде айыппұл салған болатын. Сот Павлодарда он жыл бойы жарнамаланып келген Рон Хаббардтың «Дианетика» кітабын, дискілерін және жарнамалық қағаздарды таратуға тыйым салған. Павлодарлық құқық қорғау органдары Хаббардың ізбасарларының үстінен осы жылдың маусым айында түскен. Сол кезде орталықтың жетекшілері адамдарды өздеріне тартып, алдын ала нәтиже бермейтінін біле тұра психологиялық тазартудан өту үшін қомақты қаражат сұраған. Осылайша, орталықта тексеріс жүргізіліп, оның көшбасшылары қамауға алынған.

 

Соңғы жаңалықтар