Павлодардағы пәтерлердің бірінен мумияға айналдырылған қыз өлігі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы пәтерлердің бірінен мумияға айналдырылған қыз өлігі табылды

Павлодардағы пәтерлердің бірінен мумияға айналдырылған қыз өлігі табылды

Павлодардағы пәтерлердің бірінен мумияға айналдырылған қыз өлігі табылды. Бұл туралы Павлодар Ішкі Істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 10 Шiлде 2003
  • 912
Фото - Caravan.kz

Бір Павлодарлық тұрғын қалалық полицияға қарындасын үш жыл бойы көрмегенін хабарлаған. Оның айтуынша, 1976-жылы туған қыз анасымен бірге тұрған екен. Алайда қыздың айықпас ауруға шалдыққанын сылтауратқан әйел оны ешкімге көрсетпей, ешкімді хабарластырмай қойыпты.

Осы ақпараттың ізімен пәтерге келген полиция қызметкерлеріне әйел өз қызы туралы, оның денсаулығы туралы мәлімет беруден бас тартады. Әйелдің қарсылығына қарамастан пәтерге кірген полиция қызметкерлері бөлмеден қыздың мумияға айналдырылған өлі денесін тапты.
Сарапшылар қазір қыз өлімінің себебін дөп басып айта алмай отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда қыз осыдан үш жыл бұрын қайтыс болуы мүмкін. Бұл деректі қызды көптен бері көрмеген көршілері де дәлелдеп отыр. Олардың айтуынша, қыз ұзақ уақыт бойы жүйелі қызыл ноқта ауруынан зардап шеккен. 1998-жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін оның денсаулығы тіптен күрт төмендеп кеткен көрінеді. Сондай-ақ, көршілердің хабарлауынша, әйелдің үйіне өздерін космологтармыз деп атайтын төрт әйел үнемі келіп тұрған көрінеді. Солар қызды ауруынан айықтырып береміз деп уәде беріпті-міс.
Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қыздың анасы психиатриялық зерттеуге жіберілді. Ал оған келген космолог әйелдердің аты-жөні әзірге анықталмай отыр.

Соңғы жаңалықтар