Павлодардағы "Құрылыс материалдары зауытының" ұжымы кәсіпорынға жасалған шабуылды оны иемденіп алуға бағытталған қитұрқы жоспардың құрамды бөлігі деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы "Құрылыс материалдары зауытының" ұжымы кәсіпорынға жасалған шабуылды оны иемденіп алуға бағытталған қитұрқы жоспардың құрамды бөлігі деп санайды

Павлодардағы "Құрылыс материалдары зауытының" ұжымы кәсіпорынға жасалған шабуылды оны иемденіп алуға бағытталған қитұрқы жоспардың құрамды бөлігі деп санайды

Павлодардағы "Құрылыс материалдары зауыты" бірлестігі" ЖШС-нің ұжымы ҚР парламенті мәжілісінің депутаттарына ашық хат жолдап, онда 5-желтоқсанға қараған түні кәсіпорынға жасалған қарулы шабуылды тексеру барысын өз бақылауына алуды сұрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 584
Фото - Caravan.kz

Зауыт қызметкерлерінің пікірінше, бұл шабуыл бөтен адамдардың кәсіпорынды иемденіп алуға бағытталған қитұрқы жоспарының құрамды бөлігі болмақ. «Құрылыс материалдары зауыты» бірлестігі» ЖШС-нің директоры Тоқмағамбет Ыбырайымовтың хабарлауынша, беттеріне бетперде киіп, қаруланған бір топ адам зауыт аумағына басып кірген. Соның салдарынан зауттың көлік учаскесінің бастығы, 42 жастағы Ербол Әбдіғазизов қаза тауып, сол күні күзетке шыққан екі күзетші мен екі от жағушы жараланған. Қазір олардың бірі ауыр халде реанимацияда жатыр. Шабуылшылар ЖШС-нің кассасына да, зардап шеккендердің ақшасына да мүлдем тиіспеген.

Павлодар облыстық ІІБ Оңтүстік бөлімінен хабарлағанындай, аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Қарулы шабуыл » жөніндегі 179-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полициядағылардың хабарлауынша, «қазір сан алуан жорамалдар тексеріліп жатыр, соның ішінде ең қисындысы — қарулы шабуыл тонау мақсатымен жасалған болуы мүмкін».
«Құрылыс материалдары зауыты» бірлестігі» ЖШС-нің ұжымы мәжіліске жолдаған өз хатында :»мамыр мен желтоқсан айлары аралығында зауытта болған түрлі оқиғалар зауытты ұжымнан тартып алуға бағытталған күрделі саяси қастық шарасы жүзеге асырылып жатқанын меңзейді». Атап айтсақ, «экономикалық сотта кәсіпорын жұмысына кедергі келтіретін сот шырғалаңы созылғанына біраз уақыт болды. Салық, қаржы, экологиялық сынды сан алуан мекемелер тарапынан тексерулер жиілеп кеткенімен шектелмей, өнімді тиеп алуға вагон жібермей қою, құрылыс ұйымдарына кәсіпорынмен ынтымақтастықтан бас тарту туралы жасырын нұсқау беру тәрізді қитұрқылықтар көбейген».
«Құрылыс материалдары зауыты» бірлестігі» ЖШС Павлодардағы бұрынғы №4 темірбетон бұйымдар комбинатының кірпіш цехының базасында 2002-жылы құрылған. Кәсіпорында 120-дай адам жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың тамыз-желтоқсан айларында тұтынушыларға 1,5 млн. дана кірпіш жөнелтілді. ЖШС директоры Тоқмағамбет Ыбырайымовтың хабарлауынша, бірлестікті құруға 70 млн. долларға жуық инвестиция құйылған.

Соңғы жаңалықтар