Жарияланды: 500

Павлодардағы түрмеде бір тұтқын жарақаттан қайтыс болды

Павлодардағы АП 162/3 санды түрмеде 23 жастағы бір тұтқын жарақаттан қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-нан хабарлады.

Түзету мекемесінің асханасында қамауда отырған екі адамның арасында кикілжің туындаған. 6 жылға бас бостандығынан айрылған 23 жастағы және 10 жылға кесілген 36 жастағы екі тұтқын туындаған дау-дамайды пышақтың көмегімен шешпек болған. Соның салдарынан пышақтан жарақаттанған жас жігіт түрменің медициналық-санитарлық бөлімінде көз жұмды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін