Павлодардың зиялы қауымы Ерлан Арынға араша түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың зиялы қауымы Ерлан Арынға араша түсті

Павлодардың зиялы қауымы Ерлан Арынға араша түсті

Ерлан Арын босатылсын! Бүгін павлодардың бір топ зиялы қауым өкілі қамаудағы экс-әкімге рақымшылық жасауды өтініп, Елбасыдан сауға сұрады. 

  • 29 Наурыз 2014
  • 276
Фото - Caravan.kz

Өңірді екі жылдай басқарған шенеунік осы айдың басында абақтыға қамалған болатын. Қаржы полициясы оны демеушілердің ақшасын қымқырды деп айыптауда. Бірақ бұған жергілікті ақын-жазушылар мен қоғам белсенділерінің сенгісі жоқ. Оның үстіне, сот үкімі шықпай Ерлан Мұхтарұлының баспасөз беттерінде жемқор атанып жатқаны зиялылардың шамына тиген. Сондықтан қазақ тілінің жанашыры, жүздеген ғылыми еңбектің авторы деп Арынның бүкіл атқарған ісі мен атақ-абыройын қағазға тізіп, президенттің атына ашықхат жолдап отыр. Оған 50 адам қол қойыпты. Бүгін бар жұмысын тастап базынасын жеткізгендер ендігі үмітті Елбасыға арта келіпті. 


Арман Қани, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

-Біз аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлынан осындай заңбұзушылыққа, Қаржы полициясы тарапынан, сондай-ақ, мына тәуелсіз басылымдар тарапынан тоқтатылуын талап етеміз.Қалай бір кезде осы өңіріміздің басшысы болған азаматты қалай қорлауда міне. Карикатура беруде. Біз бұған шыдамаймыз.