Жарияланды: 440

Павлодарлық 32 өрт сөндірушіге Ресей медальдары табыс етілді

Өткен жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде орман өртін сөндіруге көмектескен Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 32 өрт сөндірушісі РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің медальдарымен марапатталды.

Павлодар облысында, ресей-қазақстан шекарасына жақын жерде басталған орман өрті қатты желмен Алтай орманына тиген болатын. «Өртті сөндіруге Павлодар облысынан 17 техника және 60-тан астам қызметкер барды. Өрт өте күрделі жағдайда сөндірілді, құтқарушылар онымен үш күн бойы арпалысты», - дейді Төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары Орат Исинов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін