Павлодар облысында, ресей-қазақстан шекарасына жақын жерде басталған орман өрті қатты желмен Алтай орманына тиген болатын.
«Өртті сөндіруге Павлодар облысынан 17 техника және 60-тан астам қызметкер барды. Өрт өте күрделі жағдайда сөндірілді, құтқарушылар онымен үш күн бойы арпалысты», — дейді Төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары Орат Исинов.