Павлодарлық азамат бір ғасыр бұрын шығарылған қару тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық азамат бір ғасыр бұрын шығарылған қару тауып алды

Павлодарлық азамат бір ғасыр бұрын шығарылған қару тауып алды

Қазіргі таңда өңірде қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында заңсыз сақталған қару-жарақты тапсыру акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі. Шара барысында

  • 20 Маусым 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz


45 жасар тұрғын Павлодар аудандық ішкі істер бөліміне 1912 жылы шығарылған ұсақ калибрлі винтовканы тапсырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz аймақтағы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарлық аталмыш қаруды қараусыз қалған үйден тауып алған. Сонымен қатар 47 жасар азамат 1961 жылғы «ТОЗ» аңшылық қаруы мен 55 патронды әкеліп, акцияға үн қосқан. Аталмыш акция үстіміздегі жылғы сәуірдің 21-інен бері жалғасын табуда. Нәтижесінде құқық қорғау органдарына тіркелмеген 202 қару мен 6318 патрон тапсырылған. Ерікті түрде қару тапсырған азаматтарға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы тағайындалған. Бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындары 3 миллион теңгенің қару-жарағын тапсырған.