Жарияланды: 540

Павлодарлық бір ана осыдан 14 жыл бұрын перзентханада ауыстырып жіберген ұлын тапты

Павлодарлық бір ана осыдан 14 жыл бұрын перзентханада ауыстырып жіберген ұлын тапты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Әйелдің айтуынша, 1989-жылы ол Баянауыл аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде ұл бала тапқан. Онымен бір палатада жатқан әйел де дәл сол күні тағы да ұл туады. Ауруханадан шыққаннан кейін Айгүл баланың өзінікі екеніне күмән келтіре бастаған. Сөйтіп өзімен бірге бір палатада жатқан әйелді іздестіруге кіріскен оның әрекеті 14 жылдан кейін әрең нәтижеге жетті. "Баланы көрген сәттен -ақ, оның туған балам екеніне көзім бірден жетті",- дейді әйел. Бұл тұрғыда екінші әйелдің де шамалы күдігі болыпты. Балаларды шын мәнінде ауыстырып жібергеніне қазір шүбә қалмай отыр. Балалар мінез-құлқы мен түріне қарай өздерін тәрбиелеп өсірген ата-анасына мүлдем ұқсамай шыққан. Қазір Мирабек пен Бахтияр есімді жасөспірімдер өздерін бағып-қаққан ата-аналарының қолында тұрып жатыр. Отбасылар өзара мәмілеге келіп, балалар туған ата-аналарына хабарласып тұратын болды. Түбінде қандай отабасын таңдайтындығы туралы жасөспірімдер кәмелеттік жасқа толғаннан кейін шешім қабылдамақ. Ал балаларын ауыстырып алған аналар бұл оқиғаға кінәлі адамдарды іздестіруден бас тартты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть