Содан бері өзі де, кішкентай қызы да құжатсыз жүр. Биыл мектепке баратын ұлы да осының кесірінен қиындыққа тап келіп отыр. Дәрігерлер Сымбатты үш жыл бұрын бақилық болған Қымбат есімді әпкесімен шатастырып алған екен. Осылайша бір әріптен қате кетіп, ол өлілердің қатарына қосылыпты. Бұған дейін келіншек қарттар үйінде жұмыс істеген. Декреттік демалысқа да еш кедергісіз шыққан. Жаға ұстатар жағдайды білгеннен кейін Сымбат сотқа жүгініп жүріп, ресми түрде тірілердің қатарына қайта қосылды. Бірақ ол енді өз жұмысына салғырт қараған мамандардан моральдық шығын талап етпек.
Сымбат Бердалина, Павлодар қаласының тұрғыны:
— Үш жылдан бері мен өлілердің ретінде жүрмін. Алты айлық баламның құжаты да жоқ. Дәрігерлерлдің қателіктерінен моральдық шығынды талап етемін мен.