Павлодарлық келіншектің қызы анасынан ажырамай қатты жылады - Балиева - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық келіншектің қызы анасынан ажырамай қатты жылады - Балиева

Павлодарлық келіншектің қызы анасынан ажырамай қатты жылады - Балиева

Астанадағы Оқушылар сарайында басталған балаларды асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы аясында журналистерге сұxбат берген Бал

  • 29 Қазан 2016
  • 1232
Фото - Caravan.kz

Астанадағы Оқушылар сарайында басталған балаларды асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы аясында журналистерге сұxбат берген Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева өзінің кішкентай қызын соққыға жығып, балағаттаған павлодарлық келіншектің ондай әрекетке не үшін барғанын жан-жақты зерделеу керек деп санайды. Ол аталған отбасының бір келісімге келіп, шешесін аналық құқығынан айырмайтынына сенеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Иә, біз видеоны көрдік. Шыны керек, бүкіл Қазақстанның шашы тік тұрды. Өкінішке орай, ондай отбасылар әлі бар. Енді, видео жарияланғаннан кейін бәріміз ол туралы білдік. Біз не істедік? Бірден Павлодарға звондадық. Сөйтсе, ол жақтағы мамандар тиісті шараларды қолға алған екен. Бәрін дұрыс істеді. Олар алдымен сол үйге барып, баланы алып қойып, балалар үйіне апарып тастады. Себебі анасының әрекетіне баға беру керек. Оған қоса, баланың қауіпсіздігі мәселесі тағы бар. Білуімше, баланы алып кетерде ол анасынан ажырамай, қатты жылады. Қазір бала көңілді, қарны тоқ. Әкесі мен әжесіне тапсырылды. Оның алдында бір-екі күндей балалар үйінде болды", — дейді З.Балиева.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр. Одан кейін сот болады. Сол жерде бәрі шешіледі. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің аталған процедураларға қатысуға құқығы жоқ. Алайда ол павлодарлық келіншекті ана құқығынан айырмайды деп сенеді.


"Меніңше, бәрін анық қарау қажет. Себебі шешесін құқығынан айыру оңай. Бірақ ондай мінез қайдан шықты? Ол қылықтарға не себеп болды? Осыны жан-жақты зерделеу керек. Мүмкін, кішкене уақыт беріп, әкесі мен әжесі отырып, бір келісімге келеді. Ең бастысы, балаға зиян тимесе болды. Кім біледі, ананың қандай жағдайға ұрынғанын",-деп атап көрсетті xалық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар