Павлодарлық оқушы өз үйінде асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық оқушы өз үйінде асылып қалды

Павлодарлық оқушы өз үйінде асылып қалды

17 жастағы Арыстан Садығұлов Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сыныбында оқыған. Бозбаланың бұл қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

  • 11 Қараша 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Өте белсенді, оқу үлгерімі жақсы жасөспірімнің өз-өзіне қол салғанына құрдастары сене алар емес. Сыныптастары Арыстанды ашық, жайдары дос ретінде білгендерін айтады. Ал ұстаздары болса соңғы уақытта оның сабақ үлгерімі мен мінез-құлқында еш өзгерісті байқамаған. 17 жастағы ұлының үйдегі асулы тұрған денесін ата-анасы тапқан. Қоштасу хатын да қалдырмапты. Қазір суицидке байланысты тәртіп сақшыларымен қоса, марқұм білім алған мектеп ұжымы да өз тексерістерін жүргізуде.


Руслан Қалиев, Павлодар қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

-Біздің оқушымыз Арыстан оқу жағынан да, спорт жағынан да өте белсенді оқушы болған. Осы қайғылы жағдайдың себебін біз білмей отырмыз. Оған арнайы қазір комиссия құрылған. Комиссия жұмыс істеп жатыр.