Өлекселер өзеннің әр жерінен шығып жатыр. Кейбір ірі қараның денесі ағыспен су жағасына қалқып шығуда. Әзірге сиырлардың мұз астына кетіп өлді ме, жоқ, арам қатқан қатқан малды тұрғындар өзенге әдейі тастады ма, ол жағы белгісіз. Өйткені малын жоғалтып, іздеп келген бір адам жоқ. Егер су түбінде тағы өлекселер жатса, бұл өзенге шомылуға келетін жұрттың денсаулығына зияны тиюі мүмкін дейді құтқарушылар.
Александр Носков, Павлодар қаласы судан құтқару станциясының бастығы:
-Біз маңызды шаруаларды тастап, суға кеткен өлекселерді шығаруға аттанамыз. Әр адам өз малына бас-көз болса, мұндай жағдайлар азаяр еді. Ал өзенге өлексені әдейі тастағандарды жазалау керек деп ойлаймын.