Павлодарлық студент Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап беріп, 100 мың теңге алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық студент Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап беріп, 100 мың теңге алды

Павлодарлық студент Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап беріп, 100 мың теңге алды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымымен кездескен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынба

  • 9 Ақпан 2017
  • 568
Фото - Caravan.kz

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымымен кездескен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қойған сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Павлодар облысына келген сапарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұжымымен де кездесті.

Шара барысында Мұхтар Абрарұлы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылудан кейін, студенттер арасында сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, дұрыс жауап берген студенттерге 100 мың теңге ұсынылатынын атап өтті.

«Адамзат тарихындағы алғашқы жолдау қашан жарияланды?», «Қазақстан Президентінің бірінші жолдауы қашан болды?» және «АҚШ-тың төртінші президенті кезінде сол елдің Конституциясында қандай өзгерістер орын алды?» секілді 5 сұрақтың біріне құқықтану кафедрасының студенті дұрыс жауап берген.Тегтер


Соңғы жаңалықтар